Сұрақтар мен Жауаптар

Қызметтеріміз бен жұмыс үдерісі туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.

Корпоративтік құқық / Бизнес

Иә, біз бизнеске заңгерлік абоненттік қызмет ұсынамыз. Біздің көмегімізбен сіз компанияның тұрақты құқықтық сүйемелдеуін және мүдде қорғауын аласыз, әрі уақытты үнемдеп, тәуекелді азайтасыз. Біз мына мәселелерде көмектесеміз: • бизнесті барлық кезеңде сүйемелдеу — бастаудан ағымдағы қызметке дейін; • шарттарды әзірлеу, тексеру және сараптау; • компанияларды тіркеу, өзгеріс енгізу және құрылтай құжаттарын рәсімдеу; • зияткерлік меншік пен тауар белгісін қорғау; • компания мүддесін келіссөзде, мемлекеттік органдарда және сотта білдіру; • корпоративтік, көші-қон және еңбек мәселелері бойынша консультация; • заңнаманың сақталуын бақылау және заңдық тәуекелді азайту. Барлық құқықтық сүйемелдеу тұрақты жүргізіледі, сіздің қатысуыңыз ең аз — сіз дайын шешім мен атқарылған жұмыс туралы есеп аласыз.
Барлық қажетті құжат болған жағдайда орта есеппен 1-3 жұмыс күні.
Иә, біз құрылтай құжаттарының толық топтамасын дайындаймыз (жарғы, шешімдер мен хаттамалар, құрылтай шарты) және компанияны тіркеу кезінде құжаттарды рәсімдейміз. Үдерісті қарапайым сөзбен түсіндіріп, құжаттарды толық дайындап, нәтиже алынғанға дейін сүйемелдейміз.
Иә, барлық қызмет тек шарт негізінде көрсетіледі. Шартта жұмыс көлемі, мерзімі және тараптардың жауапкершілігі нақты жазылады.

Зияткерлік меншік

Тауар белгісі компанияның атауы мен брендін заңсыз пайдаланудан қорғайды. Тіркеу оны пайдалануға айрықша құқық береді.
Иә, біз бүкіл үдерісті сүйемелдейміз — құжат дайындаудан авторлық құқық пен зияткерлік меншік нысандарын тіркеуге дейін. Біз мына мәселелерде көмектесеміз: • туындыларға, бағдарламаларға, әзірлемелерге авторлық құқықты тіркеу; • зияткерлік меншік нысандарын заңсыз пайдаланудан қорғау; • лицензия, құқық беру және шарттар бойынша консультация; • қажет болса, зияткерлік меншік органдарында және сот дауларында сүйемелдеу.
Иә, біз тауар белгісін тіркеуді толық сүйемелдейміз: тексеру, өтінім беру және куәлік алу. Тауар белгісін тіркеу кезеңдері: 1. Тауар белгісінің бірегейлігін және тіркеу мүмкіндігін тексереміз. 2. Шарттар келісілгеннен кейін шарт жасаймыз. 3. Қызметіңізге қарай қолайлы ТҚХЖ кластарын таңдаймыз. 4. Тіркеуге өтінім дайындап береміз, сіз мемлекеттік бажды төлейсіз. 5. Өтінімді қараудың барлық кезеңінде сізге хабарлап отырамыз. 6. Тіркеу қорытындысы бойынша сіз тауар белгісіне куәлік аласыз.

Көші-қон қызметтері

Біз үдерісті толық сүйемелдейміз — алғашқы консультациядан компанияны тіркеуге дейін, сондай-ақ қажетті визаларды рәсімдеуге көмектесеміз. Біз мына мәселелерде көмектесеміз: • шетелдіктерге қойылатын талаптарды түсіндіру; • барлық қажетті құжатты дайындау; • құрылтай құжаттарын рәсімдеу; • ЖШС-ны мемлекеттік органдарда тіркеу; • ҚР-ға кіру және қызмет жүргізу үшін виза алуды сүйемелдеу; Компания ашу мен виза рәсімдеу жылдам әрі артық қиындықсыз өтуі үшін сізді әр кезеңде сүйемелдеп, үдерісті қарапайым сөзбен түсіндіреміз.
Иә, біз ҚР заңнамасына сәйкес С5 визасын рәсімдеу үдерісіне кеңес беріп, оны сүйемелдейміз. С5 визасын алу үшін ресми шақыруды дайындап жібереміз, сіз тізім бойынша қажетті құжаттарды жинайсыз.
Иә, біз шетелдік клиенттерді барлық бизнес және көші-қон мәселесі бойынша тұрақты сүйемелдейміз — виза мен тұруға рұқсат алудан Қазақстанда бизнес жүргізуге дейін.

Соттық қорғау

Иә, біз клиенттерді сот үдерісінде толық сүйемелдейміз. Сіз тарапыңыздан қатысу ең аз — барлық жұмысты біз өз мойнымызға аламыз: • талап-арыз, шағым, өтінішхат дайындау және беру; • дәлелдемелерді жинау және ресімдеу; • барлық отырыста мүддені білдіру; • мүмкін болса, келіссөз жүргізу және дауды реттеу; • әр кезеңде істің барысы мен нәтижесі туралы хабарлау. Біз кез келген дауды сүйемелдейміз — азаматтық, еңбек, контрагенттер мен клиенттермен даулар және т.б. Біздің тәсіліміз клиентке өз жұмысына назар аударуға мүмкіндік береді, ал біз заң мәселесін шешіп, мүддеңізді қорғаймыз.
Иә. Біз еңбек дауларын жұмыс беруші тарапынан да, қызметкер тарапынан да сүйемелдейміз — жұмыстан шығару, жалақы, өтемақы және өзге еңбек мәселелері бойынша даулар.

Жалпы сұрақтар

Иә, консультация онлайн — телефон немесе бейнебайланыс арқылы мүмкін.
Иә, клиенттердің барлық ақпараты қатаң түрде құпия.
Қызмет құны жұмыстың күрделілігі мен көлеміне байланысты. Алғашқы консультациядан кейін мәселеңізді талдап, жасырын төлемсіз ашық коммерциялық ұсыныс қалыптастырамыз. Егер жұмыс тұрақты сүйемелдеуді талап етсе, шығыныңызды алдын ала нақты білуіңіз үшін заңгерлік абоненттік қызметті немесе қызметтер пакетін ұсына аламыз. Әр клиент жеке көзқарас пен жұмыс басталғанға дейін нақты құн алады.

Жауап таппадыңыз ба?

Сұрағыңызды заңгерімізге тікелей қойыңыз. Консультация тегін.

Қоңырау шалу
WhatsApp