Сот істері
Артықшылықтар
Перспективаны бағалау
Талап қоймас бұрын табысқа жету мүмкіндігін ашық айтамыз. Қаламақы үшін алдын ала ұтылатын істі алмаймыз.
Стратегия
Қорғаныс пен шабуылдың бірнеше желісін әзірлейміз.
Кешенділік
Істі бірінші сатыдан Жоғарғы Сотқа және орындау ісін жүргізуге дейін сүйемелдейміз.
Шығынды өндіру
Қызметіміздің құнын жауапкерден өндіру үшін сот шығындарына қосамыз.
Біз не ұсынамыз
Дауды соттан тыс реттеу
Жағдайға құқықтық талдау жүргізіп, талап-арыз бен ресми талап дайындаймыз, жауапкерлермен келіссөз жүргіземіз. Мақсатымыз — клиенттің уақыты мен шығынын үнемдеп, дауды сотсыз реттеу. Қажет болса, кейінгі сот талқылауы үшін дәлелдемелерді тіркейміз.
Қарызды өндіру
Жеке және заңды тұлғалардан берешекті өндіреміз. Кешенді жұмыс істейміз: соттан тыс талап жұмысы, сотқа іс беру және оны сүйемелдеу, атқарушы парақ алу және қарыз толық қайтарылғанға дейін жеке сот орындаушыларымен өзара әрекет.
Отбасылық даулар
Клиенттердің мүддесін нәзік отбасылық мәселелерде білдіріп, құқықтық қорғау мен құпиялылықты қамтамасыз етеміз. Сүйемелдейміз: – некені бұзу – мүлікті, оның ішінде бизнесті бөлу – баланың тұрғылықты жерін және онымен қарым-қатынас тәртібін айқындау – әкелікті анықтау және даулау – ата-ана құқығынан айыру немесе оны шектеу
Салық даулары
Салық органдарының шешімі мен әрекетін, қосымша есептеулерді, айыппұл мен өсімпұлды даулаймыз. Салық төлеушінің мүддесін сотта білдіреміз, құқықтық ұстаным мен дәлелдеме базасын дайындаймыз, тексеру мен шағымдануды сүйемелдейміз.
Жер даулары
Жер учаскелеріне құқыққа байланысты дауларды қараймыз: меншік құқығын тану, учаске шекарасы, жердің нысаналы мақсаты, алып қою, жалға беру және өзге жер құқықтық қатынастары. Жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғаймыз.
Мемлекеттік орган әрекетіне шағымдану
Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз шешімін, әрекетін немесе әрекетсіздігін даулаймыз. Клиенттердің мүддесін сотта білдіріп, мәмілелерді жарамсыз деп тануға және бұзылған құқықты қалпына келтіруге қол жеткіземіз.
Мемлекеттік сатып алу бойынша даулар
Мемлекеттік сатып алу саласындағы дауларды сүйемелдейміз: конкурс пен аукцион нәтижесіне, өтінімді заңсыз қабылдамауға, тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының әрекетіне шағымдану. Өнім берушілер мен сатып алуға қатысушылардың мүддесін іс жүргізудің барлық сатысында қорғаймыз.
Еңбек даулары
Біз еңбек дауларында жұмыс беруші мен қызметкердің мүддесін білдіреміз. Заңсыз жұмыстан шығару, жалақыны өндіру, жұмысқа қайта алу және өзге еңбек қақтығысы кезінде құқықтық көмек көрсетеміз. Істі барлық кезеңде — соттан тыс реттеуден сот шешіміне дейін — сүйемелдейміз.